«Қайрат» клубы сәтсіздігін тоқтатты

21.06.2025, 20:15

Алматының «Қайрат» клубы Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турында Петропавлдың «Қызылжар» командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

«Қайрат» клубы сәтсіздігін тоқтатты

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері басымдық танытып, шабуылда белсенді ойнады. Дегенмен, қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. 31-минутта «Қызылжар» ойыншысы Тоқтар Жанқылышбай әуе доп үшін талас кезінде Александр Мартыновичтің басын жаралап, тікелей қызыл қағаз алды.

Екінші таймда бір ойыншысы артық «Қайрат» қарсыласты қыспаққа алып, 72-минутта Валерий Громыко алыстан бағыттаған дәл соққысымен есепті ашты. 1:0. Одан кейін табло өзгеріссіз қалды.

Бұл жеңістен кейін алматылықтар 30 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұрған «Астанамен» теңесті. Ал «Қызылжар» 14 ұпаймен сегізінші орында қалып отыр.

«Қайрат» — «Қызылжар» 1:0 (0:0)

Гол: Громыко, 72 (1:0)

Қызыл қағаз: Жанқылышбай, 31 минут («Қызылжар»)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×