“Жеңіс” командасы тараптардың өзара келісімі бойынша Леван Коргалидземен қоштасты.
Грузиялық маман елордалық ұжымның тізгінін 2023 жылдың қыс айында ұстаған болатын. Сол уақыттан бері сары-қаралар барлық турнирлерде 10 ойын өткізді (2 жеңіс, 1 тең ойын, 7 жеңіліс).
Қазіргі сәтте “Жеңіс” Премьер-лиганың 9-тур қорытындысы бойынша 7 ұпаймен соңғы орында келеді.
44 жастағы маман қазақстандық клубқа дейін “Локомотив” Тбилиси мен “Сабуртало” ұжымдарын жаттықтырды.
Біздің серіктес: FONBET