"Барселона" Жерар Пике мен Серхи Робертоның "Атлетико Мадридпен" (0:1) болған Испания чемпионатының 10-тур матчындағы жарақаттары туралы хабарлады. Екінші таймның ортасында Анхель Корреа Пикенің аяғына құлады. Пике алаңнан дәрігерлердің көмегімен шығып кетті. Және көз жасына ерік берді. Оның орнына 62-минутта Серджиньо Дест шықты.
"Жерар Пике оң тізесін ауыртып алды. "Барселонаның" орталық қорғаушысы "Атлетико" шабуылшысы Корреамен соқтығысып, жарақат алды. Қазір оның жарақат дәрежесін анықтайтын қосымша сынақтарды күтудеміз. Ал Серхи Роберто оң жамбасынан жарақат алды және алаңға қашан оралатыны белгісіз", - делінген "Барселонаның" ресми сайтында.
"Атлетико" Испания чемпионатының сегіз турында 20 ұпайға ие және турнирлік кестеде екінші орында тұр. "Барселона" (11 ұпай) - 10 орында.
Біздің серіктес: FONBET