6-жетоқсан, жұма күні сағат 22-00-де Бразилия жерінде келер жылғы Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Өте қызықты салтанатты кешті сіздер Казспорт және Қазақстан Ұлттық арналарынан тікелей көре аласыздар. Ал оған дейін командалардың соңғы рейтинг бойынша себеттерге қалай бөлінгендіктерін назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетуіміз керек 4 себеттегі бір еуропалық команда жеребе барысында 2 себетке ауыстырылады. Өйткені жеребе барысында бір топқа 3 бірдей Еуропалық команда түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан, ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың бетін алып, әлгіндей қадамдарға барып отыр. Сондай-ақ, ол құрама команда 1 себеттегі Еуропа командаларымен бір топқа түспеуі қажет. Демек, арлы-берлі жылжитын еуропалық 4-себеттің командасы Бразилия, Аргентина, Колумбия немесе Уругвай құрамаларының біреуінің тобына міндетті түрде түседі деген сөз. Себеттер (Қазан айындағы рейтинг бойынша) 1: Бразилия (қожайын, 11), Испания (чемпион, 1), Германия (2), Аргентина (3), Колумбия (4), Бельгия (5), Уругвай (6), Швейцария (7) 2: Чили (12), Кот-д'Ивуар (17), Эквадор (22), Гана (23), Алжир (32), Нигерия (33), Камерун (59) 3: АҚШ (13), Мексика (24), Коста-Рика (31), Гондурас (34), Япония (44), Иран (49), Южная Корея (56), Австралия (57) 4: Нидерланды (8), Италия (9), Англия (10), Португалия (14), Грекия (15), Босния және Герцеговина (16), Хорватия (18), Ресей (19), Франция (21)Біздің серіктес: FONBET