Азиада - үлкен тәжірибие алаңы болды

06.12.2013, 08:14
Азиада - үлкен тәжірибие алаңы болды

медеуІле Алатауының маржаны - Медеу. Мұз айдында жүргеніме алтыншы күн. 2011-жылдың басы осылайша Азиада ойындарымен басталған-тын. Күнде дүрбелең, күнде шабыс. Бір спорт шарасынан шығып, екіншісіне жол тартамын. Алғашқы екі күнді Табаған мен Солдатсайда жүрдім. "Алматы Ақшамы" газетінде қызмет етіп жүрген кезім болатын. Сол жақтан жарыс аяқталысымен іле-шала мақала жіберіп отырдым. Енді Медеуде бенди басаталып, соның ойындарын Ұлттық арнада жүргізіп жүрген шағым. Комментатторлықты енді-енді сезініп келе жатқан тұсым. Осының алдындағы эфирде жөнді сөйлемедің деп кім көрінген телефон шалып жатыр. Психологиялық ауыртпалық мойынға батпандай батып барады.

Бенди ойыны, яғни допты хоккей бұрын-соңды Қазақстан телевизиясында көрсетілмеген екен. Тарихын зерттеп, архивтерді ақтарып, аз-маз қор жинап алғанмын. Оның барлығы күн сайын айтылды, эфирде кетті. Енді соңғы күндері бендилік богажым таусылып, сарыла бастаған шағым. Мұндайда, яғни финалдық кездесуде тарих айтып, тереңді қопарудың да керегі шамалы. Басында әрбір соғылған голға жан пәрмен футболдағыдай "Гоооол!" - деп айқайлай беріппін. Сөйтсем матч бойында 22 гол соғылатын жағдайда болады екен. Оның барлығына тамақ құртудың керегі жоқ екенін екінші ойында бірақ түйдім. Айтайын дегенім тіпті, бұл емес.

Медеудегі біздің комментаторлық бөлмеміз орналасқан 5-қабатында отырып, шетелдіктер түсіріп беріп жатқан видеоға қарамай-ақ терезені айқара ашып қойып, тіке көзбен көргенді жүргізгім келді. Астымда жанкүйерлер отыр. Оларға да қарап қоямын. Әйтеуір, болып жатқан дүниені көзбен көріп, тілмен жеткізудемін. Бір кезде Алатаудың айнымалы ауа-райы құбылып шыға келді. Жарқыраған күнді бұлт көлегейлеп, дем арасында тұман басты. Қалың тұман. Төбеде тұрған маған түк те көрінер емес. Сонда тұрып, "Қадірменді көрермендер, ауар-райы да бізбен ойнайын деді. Тұман басып түк көрінбей жатыр. Қазір мен Моңғолиялықтардың шабуылы қалай аяқталғанын көре алар емеспін", - деп ақталамын келіп. Содан 2-3 минут сөйлеп тұрдым да амалсыз орныма жайғасатым. Сөйтсем, эфирге кетіп жатқан видео тұп-тұнық. Шет елдіктер төменнен дәлдеп тұрып түсіріп жатса керек, бендиді көруге болатындай екендігін байқадым. Содан ары қарай іліп ала жөнеле кеттім. Ойын аяқталғаннан соң миыма сап ете қалды. Көзбен көрген жақсы, бірақ эфирге кетіп жатқан видеоға қарап сөйлеу қажет екен әрқашан. Бұл менің тұңғыш рет спорттық шара болып жатқан жерден жасаған алғашқы репортажым болғандықтан өз-өзімді кешірдім.

[caption id="attachment_16387" align="alignright" width="288"]генич НТВ комментаторы Константин Генич[/caption]

Кейіннен, НТВ комментаторы Константин Геничпен сұқбат барысында ол да өзінің тәжірибиесінде осындай жағдай болғандығын және комментаттор үнемі эфирге кетіп жатқан видеоны қадағалау керектігін тілге тиек етті. Шынында да өзің стадионның шетінде болып жатқан дүниені айтып жатсаң, оны көрермен көре алмаса, онда ол комментаттордың қателігі болып саналады.

Айтпағым, жалпы Азиада ойындары мен үшін үлкен тәжірибие алаңы болды. Таңғы алтыдан түңгі 2-ге дейін жұмыс істедім. Ең соңғы күнгі жабылу салтанаты болып жатқанда бір апталық шыдамым шегіне жетіпті. Мұрыннан аққан ыстық қар бүкіл шаршаған-шалдыққан әсерімнің бәрін бірге алып кетті. Азиада аяқталды. Барлығы тынышталды. Сонда ғана барып өзімнің комментатор болып келе жатқанымды сезіне бастадым. 22-жасымда Құрлықтық доданы жүргізгенім, әрине мен үшін үлкен олжа болып қала бермек. Сол кезде ең жас комментатор деп менен "Спорт Экспресс" газеті де сұқбат алған болатын. Көп сарылып күткен Азиадамыз 1 аптада өтті де кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×