Футболдан 2014 жылы Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

07.12.2013, 07:55
Футболдан 2014 жылы Бразилия елінде өтетін Әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін футболдан 2014 жылы Бразиялия елінде  өтетін Әлем Чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Сонымен 32 команда 8 топқа бөлінді. Тартысқа толы доп додасында қай команда жеңіске жететінін келер жылы көретін боламыз.    1386350990     А тобында Бразилия құрамасына топтан шығуға тамаша мүмкіндік бар. Хорваттар мен мексикандықтар да оңай шағылар жаңғақ емес. Камерун құрамасына қиын болмақ. B тобында Испания мен Голландия фавориттер боп саналады. Жолдастық кездесуде Англияны сан соқтырып кеткен Чили құрамасы да мықтылармен иық тірестірмек.Бұл топта Австралия сөзссіз аутсайдер. C тобы деңгейлес командалардың тобы десек те болатын шығар. Бұл топтан қай команданың оза шабатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Колумбия да, Греция да, Кот-д’Ивуар мен Жапония да топтан шығуға барын салмақ. Ең қызықты ойындар осы топта орын алса таң қалмаңыздар. D тобын футболсүйер жанкүйерлер мен оқырмандар өлім тобына жатқызуда. Тегеурінді Уругвай мен Италия, мақтаулы Англия құрамасы да осы топта. 3 алпауыттың 1 - еуі жолда қалмақ. Ал Коста Рика елінің бұл додаға жолдама алуының өзі үлкен жетістік. E тобында Францияға топтан шығу мәселесі аса қиындық тудырмас. Швейцария, Эквадор, Гондурас ұлттық құрамасының ойыншылары 2 орын үшін таласқа түспек. F тобында Аргентина мен Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының ойыншылары 1 орын үшін таласатын болады. Бір қызығы босниялықтар Әлем Чемпионатына алғаш рет қатыспақшы. Иран мен Нигерияны да осал деуге келмес. Әсіресе, Нигерия елінің ойыны соңғы кезде көпшілікті тәнті етуде. G тобында Германия фаворит. Ал Португалияға топтан шығу оңайға түспес. Гана мен АҚШ құрамасы да осал қарсылас емес екенін ескерсек,қызықтың бәрі алда. Соңғы H тобында Белгия, Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея ұлттық құрамалары бар. Бұл топта мынау фаворит деп айту қиын. Белгиялықтардың талантты ойыншылары әлем жұртшылығын күн өткен сайын таңдай қақтыруда.Олардың тегеуріні мықты. Ал Ресей бұл бәсекеде топтан шығу үшін аянып қалмасы анық. Оңтүстік Кореяны да есептен шығармайық. Олардың да айтары бар болар, бәлкім. Топтан шығу Алжир ұлттық құрамасы үшін әзірге арман боп қалмақ. Футбол бұл ешкім тура болжап айта алмайтын тартысқа толы ойын. " Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын ",- демекші қай құраманың мерейі үстем боларын ешкім дөп басып айта алмасы анық. Бәрі де мықты, бәрі де жеңіске лайық. Егер мықты болмаса Әлем Чемпионатына жолдама алмас еді ғой. Бұл менің жеке көзқарасым, менің пікірім. Сіз не дейсіз оқырман қауым ?   Абылайхан ЖҰМАШ         Сурет: rsport.ru, vk.com
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×