Алкмаар(NED)
ПАОК(GRE)
Маккаби Хайфа(ISR)
Шахтер Караганды(KAZ)
Жеребе бұл жолы жолдас болды деп айта аламын. 4 себеттен шыққан ең әлсіз, рейтінгілері төмендер бір топқа бұлайша жинала қалуы сирек кездеседі. Сонымен қарсыластарымызға тоқталсақ. «Аз Алкмаар» командасы қазақстандық жанкүйерлерге таныс. Кезінде «Ақтөбе» оларды өз алаңында 2-1 есебімен ұтқан болатын. Қарағандылықтар нидерландықтарды өз алаңында ұта алатын қауқарда.
Солоники қаласының ПАОК командасы ортаңқол ұжымның бірі. Бірақ, соңғы кездері қаржылық жағдайы мәз емес. Мықты футболшыларын сатып жіберген. Оларменде терезесі тең футбол көрсетуге мүмкіндік бар.
Маккаби Хайфа командасымен де біздің Ақтөбе кездескен болатын. Чемпиондар лигасының 3-іріктеу сыны аясында израилдіктер бізге қарсылас атанып, теке тірестің жеңіәмпазы атанып кеткен болатын. Алғашқы ойын тең аяқталып, Хайфада өткен ойында алғашқы 15-минут ішінді ақтөбеліктер 3-0 есебімен жеңіп жатқан еді. Бірақ, кездесу соңы 4-3 болып аяқталды. Дегенмен, сол кездің өзінде қазақстандық клубтар Маккабиді айналып өтуге болатындығын анық сезген. Асып бара жатқан «Шахтерден» ешқандай да мықтылығы жоқ.
Аталған ұжымдардың барлығы да «Шахтерге» қарағанда еурокубоктық ойындарда тәжірибиесі мол демесеңіз, кеншілерден мықты емес. Өз алаңымыздағы кездесулердің барлығында жеңіске жетсек, 9 ұпаймен топтан шығуға да жол ашылмақ. Мұндай мүмкіндікті жібермеу керек. Оның үстіне биылғы еуромаусымда «Шахтер» өз алаңында қарсыластың барлығын жеңуде. БАТЭ, «Скендербеу», «Селтик» секілді ұжымдарды жеңгенімізде, «L» тобына түскен әлгі үш команданы да ұтуға болады. БАТЭ мен «Селтик» «АЗ» бенен ПАОКтан мықты.
Сонымен қатар, «Шахтердің» осы жеребеде ең төменгі рейтингтік ұпаймен қатысқанын атап өтуіміз керек. Осы жолы өз рейтінгін, әрі Қазақстанның рейтингін өсіретін болса, келер жылғы жеребеде біздің ұжым үшінші себеттен жеребеге қатысуы ықтимал. Ал ол дегеніміз, бізден де рейтингісі төмен бір клыбтың кеншілерге қарсылас атанатындығына 100 пайыз себеп.