Өткен маусымда талдықорғандық «Жетісуда» ойнаған төрт легионер командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
30 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Педро Еуженио «Жетісу» сапында 17 матч өткізіп, 5 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
30 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа талдықорғандық клуб үшін 13 матч өткізіп, 1 гол соқты.
31 жастағы бельгиялық жартылай қорғаушы Доньет Шкодра 16 матчқа қатысып, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ командадан 28 жасар ганалық қорғаушы Дэвид Мавутор кетті, ол клуб сапында 76 матч өткізіп, 3 гол соққан, 2 голдық пас берген. Қорғаушы қазіргі уақытта «Ворскла» клубында қаралымнан өтуде.
Біздің серіктес: FONBET