«Жетісу» беларуссиялық қорғаушымен келісім-шартқа отырды

20.02.2021, 05:22
«Жетісу» қайтадан беларуссиялық футболшыларға сенім артпақ.
«Жетісу» беларуссиялық қорғаушымен келісім-шартқа отырды

30 жастағы беларуссиялық қорғаушы Илья Колпачук талдықорғандық "Жетісумен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Қорғаушы "Жетісу" клубына еркін агент ретінде қосылды.

2017 жылға дейін Колпачук өз елінде, оның ішінде "Динамо Брест" пен "Городеяда" ойнады. 2017-2018 жылдары Колпачук Литваның "Атлантас" және "Жальгирис" командасында өнер көрсетті. Соңғы екі маусым бойы ол "Рух" клубының намысын қорғады.

Айта кетейік, өткен маусымда "Жетісу" беларуссиялық футболшыларға көбірек сенім артқан еді. Талдықорғандық клуб сапында Беларуссияның бес бірдей ойыншысы доп тепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×