Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Эстония ұлттық құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы Артем Дмитриев талдықорғандық "Жетісу" командасына ауысады.
32 жастағы футболшы "Жетісудың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына кеш қосылды. Соңғы екі маусым бойы Дмитриев көкшетаулық "Оқжетпес" клубының намысын қорғады.
Бұған дейін Дмитриев Эстонияның "Левадия", "Калев", "Нымме Калью", бельгиялық "Антверпен" және "Тюрнхаут" командаларында ойнаған, сонымен қатар финляндиялық "Лахти" сапында өнер көрсетті. Футболшы Эстония құрамасында 24 матч өткізген.
Біздің серіктес: FONBET