«Жетісу» МФК жабылатынын хабарлады

11.01.2021, 02:45
Бұған дейін ҚКФЛ президенті Алматы облысының әкіміне клубты сақтап қалу туралы өтініш білдірген еді.
«Жетісу» МФК жабылатынын хабарлады

«Жетісу» МФК ойыншылары мен жаттықтырушы-әкімшілік штабы команданың таралуы және Қазақстан чемпионатынан шығатыны туралы хабардар болды.

«Жетісу» клубының бюджеті қысқарғаннан кейін Бірінші лигадағы «Жетісу Б» командасы мен «Жетісу» МФК-ны тарату туралы шешім қабылданды.

Футзал командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы қазірдің өзінде жаңа команда іздеуде. «Жетісу» МФК 2016 жылы құрылды. 2018/19 жылғы маусымда талдықорғандық клуб Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2016 және 2019 жылдары «Жетісу» Қазақстан Кубогының күміс медалін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×