Тигран Барсегян «Астанадан» кетуі мүмкін

11.01.2021, 01:31
Барсегян өткен маусымда сүреңсіз ойынымен көзге түсті.
Тигран Барсегян «Астанадан» кетуі мүмкін

"Астана" мен Армения құрамасының шабуылшысы Тигран Барсегян командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"27 жастағы армениялық футболшыға бірқатар еуропалық клубтар қызығушылық танытуда, олардың арасында венгриялық "Ференцварош" бар. Менің ақпарат көздерім Барсегянның кету ықтималдығы жоғары деп болжауда", - делінген хабарламада

Еске салайық, Тигран Барсегян "Астанаға" 2020 жылы "Қайсардан" ауысып келді. Премьер-лиганың өткен маусымында шабуылшы 19 ойынға қатысып үш голдың авторы атанды. Ал үшінші орынға ие болған "Астана" осы жылы Конференция лигасына қатысатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×