"Жетісу" мықты легионер тапты

18.02.2024, 17:23

Талдықорғанға Батумидің "Динамосынан" жартылай қорғаушы ауысып жатыр. 26 жасар Тцотне Мосиашвили жетісулықтарды күшейтеді деп күтілуде. 

"Жетісу" мықты легионер тапты

Батумилық клубтың жартылай қорғаныстағы позициясы ойсырап қалайын деп тұр. Жетісулық легионердің статистикасы жаман емес секілді. Мосиашвили былтыр "Динамо" сапында 26 матчқа қатысқан. Оның 16 да алаңға негізгі құрамда шығыпты. Ал осыншама матчта 3 ақ сары қағаз алуы Мосиашвилидің эмоцияға берік, ақылға жеңдіретін футболшы екендігін аңғартады.  Грузиялық футболшы мансабында бірінші рет бөтен чемпионатта доп тепкелі тұр. Мосиашвилидің өзіне де жақсы мүмкіндік. "Жетісуда" жақсы қырынан танылса Кварацхелияның ізімен Еуропаға кетіп қалар, кім біледі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Артур ары тұр деп жүрмесін
Келесі жаңалық
Осимхен "Челсиде".
×