Талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лиганың 8-турында Көкшетаулық "Оқжетпесті" минималды есеппен жеңді.
Матч ұлттық құраманың Талғардағы базасында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Матчағы алғашқы әрі жалғыз гол 44-минутта соғылды. Гол авторы - Қазақстан құрамасының қорғаушысы Олжас Керімжанов.
Осы жеңістен кейін Дмитрий Огай шәкірттері турнирлік кестеде 5-орынға көтерілді. Ал "Оқжетпес" 10-орында қала бермек.
Біздің серіктес: FONBET