"Жетісу" желпіне алар емес

30.04.2012, 09:22
"Жетісу" желпіне алар емес
«Қайрат»-«Жетісу» 1-0. Чемпионаттың VIII-ші туры. Екі көршілес команда.

Былтырғы маусымда екі команда турнирлік көрсеткіште әр-түрлі орындарда жайғасқан болатын. Талдықорғандықтар  өзінің тарихындағы ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанса, «Қайрат» мүлде соңғы орындарда көрінді. Биылғы маусымды екі команда да тең бастады – әр қайсысының қорында екі жеңістен бар. Алайда Қайрат соңғы екі ойынын тең есеппен аяқтап, Жетісулықтарға қарағанда әлдеқайда сенімді көрінді.

   Кішкене жарақат алған Стюарт Дафф бұл матчта негізгі құрамда шықты. Қайраттың бас бапкері Дмитрий Огай қорғаныста бірнеше өзгерістер еңгізіпті. Марко Джорджевичтың орнында Марк Гурман өнер көрсетті. Ойынның басталысымен-ақ Қайраттықтар өзінің алаң иелері екендігін анықтатып алды. Бірақта алғашқы қауіпті сәт 5-ші минутта Қайрат командасының айып алаңында болды. Жетісулықтардың үздік бомбардилерінің бірі – Эдин Юнузович үшкір бұрыштан жақын «тоғыздыққа» соққы жасаған болатын. Дұрыс позицияны таңдаған Рамиль Нұрмұхаметов соңгы сәтте допты аяқпен қайтарды. Бірнеше минут өтпей дәл осындай жағдай ендігісі қарама-қарсы команданың айып алаңында орын алды. Жартылайқорғаушы Дмитрий Мамонов бәрін дұрыс-ақ жасаған болатын, қақпашы Сергей Степаненко өз шеберлігін көрсетті.

   Алаң иелері «Қайрат» екендігіне қарамастан, 90 минут бойы қорғаныста отырайын деген қонақтар жоқ. Олардың бірнеше жойқын соққыларын қорғаушылар Марк Гурман, Бурак Акйылдыз қайтара білді. Соқтығысу кезінде түрік легионері Бурак жарақат алған болатын. Ойынға қайтадан қосылғаннан кейін өзінің әрі-қарай ойнай алмайтынын сезінді. Марко Джорджевич оны алмастырды. Бірінші таймның соңына қарай «Қайраттың қорғауы Сергей Скорыхты көзден мүлт жібертті. Оның соққысы штангага дәл тиді.

  Ойынның басты оқиғалары екінші таймда орын алды. Кнежевич айып алаңына допты тепкен болатын, доп «Жетісу» командасының бір қорғаушысының қолына тиіп, аутқа кетті. Пенальти жоқ – төрешінің ысқырығы шалынған жоқ. Қайраттың «ашуланғанын» аңғаруға болады. Алматылықтар қонақтарды өздерінің айып алаңында қыспаққа алды. Кирилл Шестаков допты алыс шепке асырып, Олег Недашковскийдің баспен бағыттаған соққысы голмен аяқталды. 1-0!

   Қуантарлық жағдай, «Қайрат» қорғанудың орнына әрі-қарай шабуылға кірісті. Екінші голдың авторы атану мүмкіндігін жіберіп алған капитан Неманья Йовановичтың ойынын айрықша атап айту керек.  Ойынға жаңадан қосылған Рахимжан Розыбакиев пен Руслан Балтиев те өте ширақ болды. Қонақтар алыстан ғана соққылар жасады, алайда алматылықтар қорғауды ойынның соңына дейін ұстап тұрды. Дмитрий Огай шәкірттері кездесуді өз пайдаларына шешті. Бұл олардың маусымдағы үшінші жеңістері. СССР чемпионатында Алматылықтар жаңбырлы ауа-райында көп ұтатын.

Сымбат КӨПБЕРГЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×