"Жетісуға" жаңа бапкер керек

24.09.2014, 06:54
"Жетісуға" жаңа бапкер керек
"Жетісу" командасының бас бапкері Омари Тетрадзе өз еркіменен қызметтен кететінін мәлімдеді. Басты себеп ретінде ол өз әріптестерімен бірге мас күйінде ұсталғанын айтуда. Тетрадземен бірге жұмыс істеуге келген қақпашылар бапкері Александр Зайцев осыдан бірер күн бұрын мас күйінде полиция қызметкерлерімен ұсталған болатын. Тетрадзенің айтуы бойынша сол күні Зайцевтің туған күні болған. "Біз жұмыстан тыс уақытта 150 грамм арақ іштік. Онда тұрған не бар екен. Сол дүниені енді елге жария қылып жатқандары дұрыс емес. Дегенмен, Қазақстандық жанкүйерлерге де, клуб басшыларына да рахметіәмді айтамын"- деді Омари Тетрадзе. Ол осыған дейін "Анжи" командасын баптаған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×