Жоао Пауло - «Ордабасы» тарихында ең көп гол соққан екінші футболшы

07.04.2021 14:54 ҚПЛ

Тағы бес гол соқса, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанады.

Жоао Пауло - «Ордабасы» тарихында ең көп гол соққан екінші футболшы

«Ордабасының» 32 жастағы бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло «Ақжайыққа» қарсы ойында (2:1) гол соғып, шымкенттік клуб тарихындағы үздік сұрмергендер қатарында екінші орынға көтерілді.

Жоао Пауло «Ордабасы» сапында 2019 жылдың 9 наурызында, Шымкентте «Шахтерға» қарсы ойында (3:0) дебют жасаған. Сол ойында негізгі құрамда шығып, дубль авторы атанды. Биылғы маусым Паулоның шымкенттік командадағы үшінші маусымы болып табылады. Қазіргі таңда 53 ойын өткізіп, 28 гол соққан. «Ақжайық» қақпасына екінші голды соққан Еркебұлан Тұңғышбаев бұл тізімде алтыншы орынға көтерілді

«Ордабасының» Премьер-Лигадағы үздік сұрмергендері (1999-2021 ж):

1. Дәуренбек Тәжімбетов – 32 гол (133 ойын);

2. Жоао Пауло – 28 гол (53 ойын);

3. Азат Нұрғалиев – 28 гол (204 ойын);

4. Александр Крохмаль – 24 гол (67 ойын);

5. Таңат Нөсербаев – 22 гол (121 ойын);

6. Еркебұлан Тұңғышбаев – 22 гол (141 ойын);

7. Абдуллай Диакате – 22 гол (164 ойын).

0 пікір