Елдос Ахметов: «Мақсатым - ұлттық құраманың намысын қорғау»

07.04.2021, 18:42
Елдос ұлттық құрамаға қайта оралғысы келеді.
Елдос Ахметов: «Мақсатым - ұлттық құраманың намысын қорғау»

"Тараз" футбол клубының қорғаушысы Елдос Ахметов әлеуметтік парақшасында алға қойған мақсаттары туралы айтты.

"Өткен маусым футбол мансабымдағы ауыр кезеңдердің бірі болды. Сіздер күтпеген нәтиже көрсеткенім сөзсіз! Десек те, өткен күнге өкпем жоқ! Алдағы мақсат – туған өлкеме келіп, Қара шаңырақ "Тараздың" намысын қорғау, жаңа леп беру! 

Тағы бір көздеген мақсатым – ұлттық құраманың намысын қорғау. Соңғы сөз әлі айтылмады. Маңызды ойындар алда! Әрекетке-Берекет!" – деді Елдос инстаграм парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×