Рикардо Кака: «Біз топтағы барлық матчта жеңіске жеткіміз келеді»

07.04.2021, 18:28
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды.
Рикардо Кака: «Біз топтағы барлық матчта жеңіске жеткіміз келеді»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Венгриямен (6:1) өткен матч туралы пікір білдірді:

- Тапсырма 80-90 пайызға орындалды дер едім. Себебі біз топтағы барлық матчта жеңгіміз келеді. Біз осыған қарай жылжудамыз. Бұл біз үшін жақсы нәтиже, жігіттердің үлкен еңбегінің арқасынд біз ЕУРО-2022 турниріне жолдама алдық. Олар осы төрт жеңіске лайық болды.

Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алға жылжу керек. Бұл ойын бізге қиын болмауы үшін бәрін жасадық. Біз матчқа жақсы дайындалдық және қарсыласқа ең жақсы ойынын көрсетуге мүмкіндік бермедік. Болашақта басқа ойыншыларға да ұлттық құрама сапында өздерін сынап көруіне мүмкіндік береміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×