«Тараз» испаниялық шабуылшыны қатарға қоспақ

07.04.2021, 17:44
«Таразға» бес легионер алуға рұқсат етілген. Қазір командада 4 легионер бар.
«Тараз» испаниялық шабуылшыны қатарға қоспақ

"Тараз" басшылығы орталық шабуылшы позициясындағы мәселені жабуға жақын, деп хабарлайда инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, жамбылдық клуб румыниялық "Волунтари" клубының 27 жастағы шабуылшысы Хефте Бетанкор Санчесті қатарға қоспақ. Испаниялық шабуылшымен бір ай бойы келіссөздер жүргізілді. Мәміленің барлық шарттары келісіліп қойған, енді румыниялық клубпен (келісім-шарты маусым айына дейін жарамды) келісу қажет.

Хефте бұған дейін Испанияның көпшілікке таныс емес клубтарында ойнаған, бірақ Австрияға көшкеннен кейін жолы бола бастады. "Маттерсбург" пен "Рид" командаларында тәп-тәуір өнер көрсетті.

Бұл трансфер Вардан Минасянға шабуылдағы мәселені шешуге көмектеседі, өйткені "Тараз" маусымды 19 жастағы жалғыз шабуылшы Абылайхан Жұмабекпен бастады. Ол бірінші ойынның өзінде гол соқты, бірақ кейіннен жастар құрамасына барып жарақат алды. Ал "Қайратқа" қарсы матчта жамбылдық клуб Ненад Адамовичті шабуылшы ретінде пайдалануға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×