ҚКФЛ тағы екі стадионды жарамсыз деп таныды

07.04.2021, 03:25
Қос стадионның төсеніші көңіл көншітер емес.
ҚКФЛ тағы екі стадионды жарамсыз деп таныды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Мырзакент ауылында орналасқан Мұнайтпасов атындағы стадионда және Қаратау қаласындағы «Орталық» стадионда Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің және Қазақстан Кубогінің ресми ойындарын өткізуге тыйым салынғаны туралы хабарлайды.

Тексеру барысында аталмыш стадиондарда төсеніштердің жаңа маусымға дайын еместігі анықталды. Қысқа уақыт ішінде барлық кемшіліктерді жойып, алаңдарды талаптарға сай сапаға жеткізуге кеңес берілді.

ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков іссапар нәтижесімен бөлісті:

- Қаратау және Мырзакентте орналасқан стадиондар Бірінші лига командалары арасындағы маусымға дайын емес. Аталмыш елді мекендерде орналасқан стадиондардың төсеніштерін талаптарға сай сапаға жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет. Стадиондарда ойнайтын клуб және стадион басшыларына кемшіліктерді жоюға кеңес берілді. Айтылған ескертулерге құлақ асып, барлық кемшіліктер жойылса, қысқа уақыт ішінде аталмыш спорттық ареналар ресми ойындарды қабылдауға рұқсат алады деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×