​​Рифат Нұрмұғамет: «Алдағы уақытта жаңа құрамның нәтиже беретініне сенемін»

07.04.2021, 02:58
Рифат жаңа маусымдағы алғашқы голын соғып үлгерді.
​​Рифат Нұрмұғамет: «Алдағы уақытта жаңа құрамның нәтиже беретініне сенемін»

«Атырау» клубына қарсы өткен матчтың 2 таймында алаңға шығып, ойынның нүктесін қойған Рифат Нұрмұгамет аталмыш ойын туралы өзінің пікірімен бөліскен болатын.

- Алдымен жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Маңыздысы қанша гол салғанда емес, басты мақсатымыз 3 ұпаймен оралу. Ойын турасынан баяндайтын болсам, бізге жеңіске жету оңай болмады. Менің ойымша екі команданың мүмкіндіктері көп болған секілді. Дегенмен бапкердің нақты нұсқауы мен жігіттердің табандылығының арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын.

- Рифат сен екі маусым қатарынан «ақ-қызылдар» сапында ойнап келесің. Өткен жылы маусымның негізгі мақсатын орындай алдыңдар. Қалай ойлайсың биыл жаңа бапкермен, жаңа келген ойыншылармен басшылық қойған мақсаттарды орындау мүмкін бе?

- Иә, өткен жылы клуб басшысы Артур Темерлановичтің шақыртуымен «Ақтөбе» сапына ауысып келгенмін. Осы уақыт арасында осы клубқа ауысқаныма еш өкінген емеспін. Өткен жылы клубқа шақырту алғаннан кейін команда жасақталып, сол жылға қойылған мақсатты толыққанды орындадық. Команда ішінде достық қарым қатынас орнағаны байқалады. Сонымен қатар клуб басшылығының команда жігіттеріне деген ерекше назары мені қуантатыны сөзсіз. Себебі біздің ел біріншілігінде сәтті ойнауымызға барлық жағдайды жасап, және тиісті айлығымызды уақытылы төлеп отырған клуб басшылығына алғысым зор.

Осы жылы біздің команданы басқаруға еуропа стилінде ойын жүргізе алатын үздік бапкерлердің бірі Алексей Баганың келуі көпшілікті қуантқаны рас. «Жальгиристі» чемпион қылған бапкер, бізді де алға жетелейтініне сенемін. Қазірде біздің команда үздік ойыншылардан құралған. Алдағы мақсатымыз айқын. Командаға қосылған ойыншылардың кәсіби шеберлігі жоғары. Қазірде біздің команда да ұлттық құраманың ойыншылары бар. Олардың келуі де жай емес. Қайталап өтейін біздің команда мен клуб басшылығының басты мақсаты ел біріншілігін жеңу. Қазіргі жасақталған ойыншылар арасынан екі команда құруға болады. Біз бір-бірімізді түсінісіп келе жатырмыз. Алдағы уақытта жаңа құрам өзінің нәтижесін береді деп сенемін.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×