"Ордабасының" 32 жастағы бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло "Қайсарға" (4:2) қарсы өткен матчта дубль жасап, шымкенттік клуб тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.
Жоао Пауло "Ордабасы" жейдесіндегі алғашқы кездесуін 2019 жылдың 9 наурызында "Шахтермен" (3:0) болған матчта өткізді. Ол негізгі құрамнан шығып, дубль жасады. Шабуылшы биыл шымкенттік команда сапында үшінші маусымын өткізуде. Паулоға 33 гол соғу үшін 57 матч қажет болды.
"Ордабасының" Премьер-лигадағы үздік сұрмергендері (1999-2021):
1. Жоао Пауло - 33 гол (57 матч);
2. Дәуренбек Тәжімбетов - 32 гол (133 матч);
3. Азат Нұрғалиев - 28 гол (204 матч);
4. Александр Крохмаль - 24 гол (67 матч);
5. Еркебұлан Тұңғышбаев - 23 гол (145 матч);
6. Таңат Нөсербаев - 22 гол (121 матч);
7. Абдуллай Диакате - 22 гол (170 матч).
Біздің серіктес: FONBET