Жол апатына ұшыраған «Атырау» футболшысы бір жыл сегіз айдан кейін алаңға қайта оралды

16.04.2021, 04:00
Футболшы соңғы кездесуін 2019 жылы өткізген еді.
Жол апатына ұшыраған «Атырау» футболшысы бір жыл сегіз айдан кейін алаңға қайта оралды

«Атыраудың» 25 жастағы қорғаушысы Дәурен Мәжитов бір жыл сегіз айдан кейін алғаш рет ресми кездесуге қатысты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

2019 жылдың қыркүйегінде Дәурен Мажитов жол апатына ұшыраған еді. Жазатайым оқиға футболшы үйіне қайтып келе жатқанда орын алды. Бұл апаттан кейін Дәуреннің бірнеше жері сынып, футболдағы мансабы бұлыңғыр болып көрінді. Қуанышқа орай, футболшы қалыпқа келіп, жасыл алаңға қайта оралды.

Еске салайық, ол өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың 24 тамызында Қостанайда, «Тобылға» (0:2) қарсы матчта өткізген болатын. Араға бір жыл сегіз ай салып, ол «Жетісуға» қарсы өткен матчта алаңға шықты (2:2).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×