Жорж Леекенс, Бельгия құрамасының бас бапкері: Қазақтардың күші тең ойынға жетеді

07.10.2011, 19:35
Жорж Леекенс, Бельгия құрамасының бас бапкері: Қазақтардың күші тең ойынға жетеді
Бүгін Қазақстан үшін аса маңызды күн. Төрт боксшымыз Баку төрінде әлем чемпионатының жүлдесін сарапқа салса, футболшыларымыз Бельгияның бас шаһарында ресми кездесуін өткізеді. Демек, ертең жанкүйер үшін тақым қысар күн.
Кеше кешкісін Бельгия құрамасының бас бапкері Жорж Леекенс пен команда капитаны Ян Вертонген баспасөз маслихатын өткізді.
Ян Вертонген, Бельгия капитаны: — ?Ойынның нәтижесін болжау қиын. Екі команда да ойынға тыңғылықты дайындалған. Соңғы уақытта Қазақстанның ойыны біршама өсті. Қорғаныстан тез шабуылға ойыса алады бұл команда. Ал біз қалайда жеңіске жетуге тырысамыз. Жорж Леекенс, Бельгия құрамасының бас бапкері: — Қазақстан құрамасының соңғы ойындарын қарап шықтық. Ойындарында өсу бар. Бірақ жеңіге күш саламыз. Бірақ ойын тең аяқталуы да ғажап емес.
КФФ сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×