Жоржиньо мен Эмерсон тарихи жетістікке қол жеткізді

12.08.2021, 16:20
Жоржиньо мынандай ойынымен «Алтын допқа» үміткерлер қатарына енуі мүмкін.
Жоржиньо мен Эмерсон тарихи жетістікке қол жеткізді

«Челси» мен Италия құрамасының ойыншылары Жоржиньо мен Эмерсон тарихи жетістікке қол жеткізді.

Жоржиньо мен Эмерсон бір жылда Чемпиондар Лигасын, Еуропа Чемпионатын және УЕФА Суперкубогін ұтқан тарихтағы алғашқы футболшылар болды.

УЕФА Суперкубогі үшін болған матчта «Челси» «Вильярреалды» пенальти сериясында жеңіп (6:5), осы маусымдағы алғашқы трофейін жеңіп алды.

Өткен маусымдағы Чемпиондар Лигасының финалында «Челси» «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен ұтты. Ал 2020 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының финалында Италия құрамасы Англиядан басым түсті (1:1, пенальти сериясы 3:2).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×