Жозе Моуриньо: «Биылғы маусым менің бапкерлік ғұмырымдағы ең сәтсізі болды»

18.05.2013, 16:07
Жозе Моуриньо: «Биылғы маусым менің бапкерлік ғұмырымдағы ең сәтсізі болды»

жозеИспания Кубогінің финалдық бәсекесінде «Атлетико Мадрид» командасынан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін «Реал» бапкері Жозе Моуриньо биылғы маусым өте сәтсіз болғанын тілге тиек етті.

 - Бұл менің бапкерлік ғұмырымдағы ең сәтсіз маусымым. Біз Суперкубокті жеңіп алдық, Примераның күміс жүлдегері атандық, чемпиондар Лигасының жартылайфиналына дейін жеттік. Менің орнымдағы басқа бапкерге мұның барлығы үлкен жетістік болуы мүмкін. Алайда мен үшін мұндай жағдай жетістік емес. Менің әлі королдік клубта 3 жылдық келісім шартым бар. Бірақ мен ұлы клубқа ұлы жеңістер алып келе алмадым. Ия біз бітіспес қарсыласқа айналған «Барселонаны» жеңдік. Басқа да бақытты сәттер болды. Алайда өзім күткен нәтижеге қол жеткізе алмадым – деп баспасөз басылымдарына сұхбат берді.

Жазғы салым «Челсиге» кетуді ойлап жүрген Жозе бапкердің королдік клубта расымен де чемпиондар Лигасының тәжін алып бере алмағаны өкінішті. Енді ғана көркейіп келе жатқан испандық гранд-клубтың тағдыры қыл үстінде қалары сөзсіз. Моуриньо сынды бапкердің қолынан келмеген ерлікті енді қандай бапкердің көрсетерін кім білген? Бірақ португалдық маман расымен де Испаниядан кетсе, онда клубта да біраз өзгерістер болуы ғажап емес. Мәселен, Криштиану Роналду мен Пепе де басқа команданың қосынына ауысуға дайын екенін сырттай болса да айтып жүр. Каканың да өндірген ешнәрсесі жоқ. Хаби Алонсо қанша жерден намысқой, мықты болғанымен жасы келіп қалды. Икер қақпашы да Бернаубеуде соңғы 3-4 айда тек көрермендердің санын арттырып жүр. Егер де Жозе Моуриньо орнынан кететін болса, жаңадан келген бапкерге жаңа «Реал» жасап шығаруға тура келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×