"Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуриньо команданың Еуропа лигасындағы болашағы туралы айтып, турнир жүйесіне наразылығын білдірді.
"Біз қазір Еуропа лигасында ойнап жүрміз. Біз оның ішіндегі ең маңызды командалардың біріміз. Және мұны мойындауымыз керек. Еуропа лигасындағы ағылшын командасы әрдайым жеңіске үміткер, бірақ плей-оффқа басқа маңызды командалар қосылады. Мен бұл жүйемен ешқашан келіскен емеспін, бірақ ереже сол күйінде қалды. Чемпиондар лигасында жолы болмаған сегіз команда үйіне қайтудың орнына, Еуропа лигасында ойнайды және бұл жарыстың барысын өзгертеді", - деді Моуриньо.
Естеріңізге сала кетейік, ережеге сәйкес, Чемпиондар лигасында өз тобында үшінші орын алған клубтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET