«Арсеналдан» жеңілген «Рапид» клубы Еуропа лигасының антирекордын орнатты

04.12.2020, 16:39
Бұл тізімде «Спортинг» клубы да бар екен.
«Арсеналдан» жеңілген «Рапид» клубы Еуропа лигасының антирекордын орнатты

Лондондағы "Эмирейтс - Эшбертон Гроув" стадионында Еуропа лигасының 5-тур матчы өтті. Лондондық "Арсенал" өз алаңында Веналық "Рапидті" 4:1 есебімен жеңді.

Gracenote Live статистикалық порталы хабарлағандай, "Рапид" Еуропа лигасындағы 27-ші жеңілісіне ұшырап, турнирдің антирекордын орнатты. Бұл көрсеткіш бойынша 26 рет ұтылған "Русенборг" екінші орынға жайғасты. Португалиялық "Спортинг" пен даниялық "Копенгаген" клубтары Еуропа лигасында 23 рет жеңіліс тапқан.

"Арсенал" В тобында 15 ұпаймен бірінші орында тұр. "Мольде" екінші (9 ұпай), "Рапид" 6 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. "Дандольк" бірде-бір ұпай алмай соңғы орынды қанағат тұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×