Альфонсо Дэвис Канаданың 2020 жылғы үздік ойыншысы атанды

04.12.2020, 17:31
Футболшы бұл жүлдеге алғаш рет ие болып отыр.
Альфонсо Дэвис Канаданың 2020 жылғы үздік ойыншысы атанды

Мюнхендік "Баварияның" қорғаушысы Альфонсо Дэвис Канаданың 2020 жылғы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы Канада ұлттық құрамасының ресми сайты хабарлады. 20 жасар ойыншы аталмыш жүлдені алғаш рет иеленді.

"Дэвистің қол жеткізген нәтижесі ойыншылардың жаңа буынын шабыттандырады", - деді Канада құрамасының бас бапкері Джон Хердман Дэвиске берілген марапат туралы.

Дэвис "Баварияға" 2019 жылы "Ванкуверден" ауысып келген болатын. Мюнхендік команда құрамында ол Германия чемпионы, ел Кубогы мен Суперкубогының иегері, сонымен қатар Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Дэвистің бүгінгі трансфер нарқындағы бағасы 80 млн еуроны құрап отыр. Ағымдағы маусымда Дэвис 8 ойын өткізіп, 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Жарақатына байланысты қаңтар айына дейін алаңға шықпайтыны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×