«Реал Мадрид» Почеттиномен келіссөздер жүргізуде

04.12.2020, 17:37
Почеттино клубты жаттықтыруға дайын екендігін жеткізді.
«Реал Мадрид» Почеттиномен келіссөздер жүргізуде

Мадридтік «Реал» «Тоттенхэмнің» бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттиномен алғашқы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, «корольдік клубтың» өкілдері аргентиналық бапкермен байланысқа шығып, Зинедин Зидан отставкаға кеткен жағдайда клубты баптауға дайын екендігі туралы білген.

Бұған дейін Мадридтік клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы матчында «Боруссияны» жеңе алмаса, Зинедин Зиданның бас бапкер қызметінен босатылатыны хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасында 5 матчта 7 ұпай жинаған «Реал» В тобының турнирлік кестесінде 3-орында тұр, ал Испания чемпионатында 17 ұпаймен 4-орында келеді.

48 жастағы Почеттино 2014 жылдан 2019 жылға дейін «Тоттенхэмді» баптады және оған дейін «Саутгемптон» мен «Эспаньолды» жаттықтырған. Аргентиналық маман «Тоттенхэммен» Чемпиондар лигасы мен Англия лигасы кубогының финалына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×