Мадридте Роналдудың орны ойсырап тұр!

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
04.12.2020, 17:47
Перес футбол тарихындағы ең үлкен қателіктердің бірін жасады.
Мадридте Роналдудың орны ойсырап тұр!

Чемпиондар Лигасының 5-ші турында "Реал Мадрид" "Шахтерге" қарсы кезекті жеңілісіне ұшырады (0:2).

"Реал Мадрид" сапынан 2018 жылдың жазында Криштиану Роналду кеткелі топтық кезеңдегі 17 ойынның бесеуінде жеңіліс тапқан. Ал португалиялық ойыншы корольдік клуб қатарында болғанда топтық кезеңнің 54 ойынында, яғни 2009/10 - 2017/2018 маусым аралығында тек 3 мәрте ғана қарсыласына жол берген.

"Реал Мадрид" Криштианумен бірге Чемпиондар Лигасында өткізген ойындарда "Миланнан" (2009 жыл, қазан), сырт алаңда "Боруссиядан" (2012 жыл, қазан) және Лондондық "Тоттенхэмнен" жеңілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×