Клуб тізгінін жақында ғана Нурбол Жұмасқалиевтің көмекшісі болып тағайындалған Беларусьтік маман Мирослав Ромащенко ұстамақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Kazfootball.kz порталының мәліметінше, 52 жастағы бапкер ресми түрде бас бапкер лауазымына тағайындалады.
Мирослав Ромащенко — ТМД футболындағы ең тәжірибелі тактиктердің бірі. Ол ұзақ жылдар бойы танымал маман Станислав Черчесовтың бөлінбес бөлшегі болып, оның штабында келесі ұжымдарда жемісті еңбек етті:
Мәскеудің “Динамосы” мен “Спартагы”, Польшалық “Легия”, Венгриялық “Ференцварош”, Ресей ұлттық құрамасы (Әлем чемпионаты — 2018 ширек финалы).
Бұған дейін Ромащенконың “Томь”, “Ахмат” және “Орал” клубтарында бас бапкер ретінде дербес жұмыс істеген тәжірибесі де бар.
Тек Ромащенко емес, “Тобылдың” жаттықтырушылар штабы нағыз кәсіби мамандармен толықпақ. Олардың қатарында аты аңызға айналған қақпашылар бапкері Гинтарас Стауче де бар. Ол қазірдің өзінде Қостанай клубында стандартты жағдайлар бойынша маман ретінде жұмыс істеп жатыр.