Криштиану Роналду өзінің мұрагерімен бірге кәсіби деңгейде жасыл алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Әл-Наср” клубы Криштиану Роналду кішіні (Cristiano Jr.) негізгі құрамға қосу мәселесін қарастырып жатыр.
Арабтың Al Wiam басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, Сауд Арабиясының клубы келесі маусымда 15 жастағы кіші Роналдуды бірінші командаға өткізуді жоспарлауда. Роналдудың өзі де бірнеше мәрте мансабының соңында ұлымен бірге доп тебуді армандайтынын айтқан болатын.
Әлемдік БАҚ-тың қысымы мен жанкүйерлердің асыға күткеніне қарамастан, “Әл-Наср” бұл қадамға абайлап бармақ. Маусым соңында клуб басшылығы мен бапкерлер штабы 15 жасар жасөспірімге жан-жақты техникалық баға береді:
– Физикалық дайындығы: Ересектер футболының қатал қарқынына шыдас бере ме?
– Тактикалық сауаттылығы: Негізгі құрамдағы жұлдыздармен түсінісе ала ма?
– Психологиялық төзімділігі: Әлем назарына іліккен кезде қысымға төтеп бере ала ма?
Егер жас талант өзін көрсете алса, клуб бұл тәуекелге баруға дайын.
Бұл шешім Роналдудың клубтағы болашағымен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда 969 гол соғып, тарихты қайта жазып жатқан Криштианудың келісімшартында әлі бір жыл бар. Әкесі мен баласының бір командада өнер көрсетуі — әлемдік деңгейдегі жарнамалық және демеушілік серпіліс әкелетіні сөзсіз.