Қостанайлық команданың капитаны Нұрбол Жұмасқалиев жарақатына байланысты бір ай алаңға шықпайды.
«Тобылдың» баспасөз-қызметіне сүйенсек, Нұрбол Жұмасқалиевке жарақатынан емделу үшін бір ай уақыт керек.
Александр Гайдуков, «Тобыл» ФК дәрігері:
— Недашковский пен Шадукаев жарақаттарынан айығып, жақын арада командаға қосылады. Уче жаттығуларына кірісті.
Қостанайлық ұжым сәуірдің 29-ы, ел кубогының 1/8 финалы аясында алматылық ЦСКА-ны қабылдайды.