Михаил Гурман «Қайрат» футзал клубын жеңісімен құттықтады

28.04.2015, 01:43
Михаил Гурман «Қайрат» футзал клубын жеңісімен құттықтады
Қазақстан футболының ардагері «Қайрат» футзал клубын УЕФА кубогындағы жеңісімен құттықтады. «Қайрат» футзал клубын УЕФА кубогындағы екінші жеңісімен құттықтаймын! Ақтық кездесуде «Барселонаға» еш мүмкіндік бермеді. «Қайрат» Қазақстанда әлем деңгейіне сай клуб жасауға болатынын дәлелдеді. Ендігі кезек - біздің футболшыларымызда!», — деп жазды Гурман твиттердегі ресми парақшасында. Естеріңізге сала кетсек, кеше «Қайрат» футзал клубы өз тарихында екінші рет УЕФА кубогын жеңіп алды. Финалда алматылықтар «Барселонаны» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×