Журналистерден жасыл алаңға Срайыл Смайыл, Амангелді Сейітхан, Шоқан Маханов, Жанарбек Әшімжан, Гений Тулегенов, Жандос Айтбай сынды сайыпқырандар шығады. Ал эстрада жұлдыздарынан "МузАрт", "Нұр-Мұқасан", "Арай" тобы, "Ринго" тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Шүренбаев, Мелс Сағатұлы сынды күміс көмей әншілер ойнамақ.
Қақпашылар: Әзиз Тастаев ("Қазақстан" ұлттық телеарнасы), Мақсат Ғаділбек ("Алматы" телеарнасы).
Қорғаушылар: Шоқан Маханов ("Хабар" телеарнасы), Жанарбек Әшімжан ("Қаламгер медиа" орталығы), Саттар Ерназаров ("Қазақ Энциклопедиясы" бапасы), Жандос Айтбай ("Хабар" телеарнасы), Ермек Төрениязов ("Қазақстан" ұлттық телеарнасы), Тастанбек Жұмахан ("Тудей.кз" сайты).
Жартылай қорғаушылар: Срайыл Смайыл ("Жас қазақ" газеті), Амангелді Сейітхан ("Хабар" телеарнасы), Гений Тулегенов ("Спортинфо" сайты), Ерлан Әбдір ("Хабар" телеарнасы), Нұржан Еркінұлы ("Европа+" радиосы), Әзиз Жұмаділ ("Алашарена" сайты), Ермұхамед Мәулен ("Аладоп.кз" сайты), Нұрсұлтан Құрман ("Еларна" телеарнасы).
Шабуылшылар: Данияр Кәрімжан (Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі), Ринат Ақылбеков("Хабар" телеарнасы). Екі команда да бұл матчқа тыңғылықты дайындалуда. Өткен жылы өткен өзара кездесуде "Алатау" атымен танылған өнер жұлдыздары журналистерден 3:2 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы "Қаламгерлер" командасы қарымта қайтаруды көздеп отыр. ғни, бұл ойынның да аса тартысты, әрі қызықты өтетіне сенім мол. Келіңіздер, көріңіздер. Қызықты матчтан құр қалмаңыздар.