Қазақстан ұлттық құрама командасы әйгілі adidas спорт брендінің жаңа ойын формасын көрсетті

08.09.2012, 08:49
Қазақстан ұлттық құрама командасы әйгілі adidas спорт брендінің жаңа ойын формасын көрсетті

2014 жылы футболдан өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу ойындарында Қазақстан құрама командасы атақты adidas спорт фирмасының дайындаған футбол формаларын киіп, алаңда өздерінің өнерлерін көрсететін болады. Жақында «Астана — Арена» стадионының алаңында өткен жаңа форма үлгілерінің арнайы көрсетіліміне Қайрат Нұрдәулетов, Танат Нөсербаев, Сергей Гридин, Михаил Рожков сияқты бірқатар дарынды ойыншылар қатысты.

Қазақстан құрамасының жаңа ойын формасында climalite сияқты adidas-тың үздік технологиялары пайдаланылған. Толығырақ айтар болсақ, бұл технологияның ерекшелігі – ылғалды ішке сіңіре отыра, ыстық деген күннің өзінде, жайлылық сезімін беріп, денені ұзақ уақытта құрғақ ұстайды. Adidas фирмасының заманауи технологиялары спортшының  денесін, яғни оның ұзақ уақыт бойы сергек жүгіруіне оңтайлы микроауамен қамтамасыз етеді.

Құраманың жаңа формасы Қазақстандық команда үшін арнайы дайындалған. Байрағымыздың ұлттық түстеріндей нақышта жасалған ол - біздің тарихымызбен дәстүрлерімізді көрсетеді. Және де, аяқ доп шеберлеріміздің алаңда барынша күш жұмсап ойнауына септігін тигізеді.

Жаңа формалардың сапасына Ұлттық құрама ғана емес, жастар құрамасы да өз бағаларын беретін болады.

Adidas – бұл чемпиондардың киімі! Ғаламның үздік құрамасы, Әлем және Еуропа чемпиондары – Испания, УЕФА Чемпиондар Кубогынің иегері ағылшындық «Челси» да осы брендтің пайдаланушылары.

Adidas — бұл тағы Германия, Ресей, Дания, Украина, Греция құрамалары. Adidas — бұл «Реал» (Испания), «Милан» (Италия), «Бавария» (Германия). Енді adidas Қазақстан Ұлттық құрама командасын да киіндіретін болады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×