Журналистер мен әншілер жолдастық кездесу өткізбек

05.09.2012, 05:39
Журналистер мен әншілер жолдастық кездесу өткізбек
Журналистерден жасыл алаңға Срайыл Смайыл, Амангелді Сейітхан, Шоқан Маханов, Жанарбек Әшімжан, Гений Тулегенов, Жандос Айтбай сынды сайыпқырандар шығады. Ал эстрада жұлдыздарынан "МузАрт", "Нұр-Мұқасан", "Арай" тобы, "Ринго" тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Шүренбаев, Мелс Сағатұлы сынды күміс көмей әншілер ойнамақ.

     Ойын ертең, яғни қыркүйектің 5-сі күні Алматының "Динамо" стадионында өтеді. ФИФА ережесі бойынша өтетін ойынның басталуы сағат 16:00-де.

   Конституция күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы" қоғамдық бірлестігі " бірлесе отырып Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары мен тілшілер арасында үлкен футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырып өткізеді. «Қаламгер» құрама командасында дарынды: Амангелді Сейтхан, Жандос Айтбай, Жанарбек Әшімжан, Ақын Ордабай, Ермек Төрениязов өз өнерлерін көрсетпек болса, эстрада жұлдыздарының арасында көпшіліктің сүйікті топтарына айналған: Ринго, МузАРТ, НұрМұқасан, Серлер және Ғаділбек Жанай, Жұбаныш Жексенұлы қарсылас «Алатау» командасының намысын қорғамақ. Іс-шараның негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің спорттық іс-шараларға қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Аталмыш іс-шара Алматы қаласының Әкімі А.С.Есімовтің қатысуымен өтеді. Көрермендер ретінде Алматы қаласы ЖОО, ОАОО-ның студенттері және қала бойынша Жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары, медальдар және кубок табысталады.Кездесу соңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт ұйымдастырылады. Алматы қаласының журналистерінен құралған "Қаламгер" командасы (Кеңейтілген құрам) Қақпашылар: Әзиз Тастаев ("Қазақстан" ұлттық телеарнасы), Мақсат Ғаділбек ("Алматы" телеарнасы).

Қорғаушылар: Шоқан Маханов ("Хабар" телеарнасы), Жанарбек Әшімжан ("Қаламгер медиа" орталығы), Саттар Ерназаров ("Қазақ Энциклопедиясы" бапасы), Жандос Айтбай ("Хабар" телеарнасы), Ермек Төрениязов ("Қазақстан" ұлттық телеарнасы), Тастанбек Жұмахан ("Тудей.кз" сайты).

Жартылай қорғаушылар: Срайыл Смайыл ("Жас қазақ" газеті), Амангелді Сейітхан ("Хабар" телеарнасы), Гений Тулегенов ("Спортинфо" сайты), Ерлан Әбдір ("Хабар" телеарнасы), Нұржан Еркінұлы ("Европа+" радиосы), Әзиз Жұмаділ ("Алашарена" сайты), Ермұхамед Мәулен ("Аладоп.кз" сайты), Нұрсұлтан Құрман ("Еларна" телеарнасы).

Шабуылшылар: Данияр Кәрімжан (Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметі), Ринат Ақылбеков("Хабар" телеарнасы).      Екі команда да бұл матчқа тыңғылықты дайындалуда. Өткен жылы өткен өзара кездесуде "Алатау" атымен танылған өнер жұлдыздары журналистерден 3:2 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы "Қаламгерлер" командасы қарымта қайтаруды көздеп отыр. ғни, бұл ойынның да аса тартысты, әрі қызықты өтетіне сенім мол. Келіңіздер, көріңіздер. Қызықты матчтан құр қалмаңыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×