Ойын соңында опық жедік...

09.09.2012, 05:44
Ойын соңында опық жедік...

Естеріңізде ме, кезінде Польша құрамасымен терезесі тең ойнаған Қазақстан 80 минуттан соң қақпасын күзете алмай қалды. Былтыр Түркиямен тең түсіп, уақыт тілі 80 минуттан асқан соң, Сидельников білгенінен жаңылды.

Футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының шымылдығын түрген матчта Қазақстан құрамасы Ирландиядан ұтылып қалды. Жақында ғана Еуропа чемпионатына қатысқан, Робби Кин мен Джон Оши секілді жұлдыздары бар команданы 88 минут бойы жеңіп тұрған жерлестеріміз екі минутта екі гол жіберіп алып, жанкүйер жүрегін ауыртты. Ойын аяқталар тұста ұпайдан айырылу Қазақстан футболының бас ауруына айналғалы қашан?! Жазда "Ордабасы" дәл осылай опық жеген. Естеріңізде ме, кезінде Польша құрамасымен терезесі тең ойнаған Қазақстан 80 минуттан соң қақпасын күзете алмай қалды. Былтыр Түркиямен тең түсіп, уақыт тілі 80 минуттан асқан соң, Сидельников білгенінен жаңылды. Бұл жолы да солай болды... Өкінішті. Аталған кездесу туралы толық репортажды "Астана Арена" стадионына арнайы барған "Алашарена" тілшісі Әзиз Жұмаділ кейін толығырақ баяндайды. Қазақстан - Ирландия 1:2 Голдар: Қайрат Нұрдәулетов 37, 1:0, Робби Кин (пенальти) 89, 1:1, Дайл 90, 1:2
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×