«Жылдың үздік қақпашысы» атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

23.11.2021, 14:34
Бес қақпашы бұл сыйлыққа талас жүргізбек.
«Жылдың үздік қақпашысы» атағына үміткерлердің тізімі жарияланды

ФИФА 2021 жылғы «The Best» номинациясына үміткер қақпашылардың тізімін жариялады.

Оның құрамына Aлисон Беккер («Ливерпуль» және Бразилия), Эдуард Менди («Челси» және Сенегал), Каспер Шмейхель («Лестер» және Дания), Мануэль Нойер («Бавария» және Германия) және Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ» және Италия құрамасы) енді.

Жеңімпаз 2021 жылдың 22 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында өтетін дауыс беру арқылы анықталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 17 қаңтарында өтеді.

Еске салайық, өткен жылы бұл жүлдені «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×