«Тоболдың» көмекші құрамы Бішкекте өтіп жатқан оқу-жаттықтыру жиынында жаңа футбол маусымына дайындықты жалғастырып жатыр.
ОЖЖ-ғы бірінші жаттығуды дублерлар 27 қаңтарда өткізді. «Күніне екі рет функционалдық дайындығы мен техникалық-тактикалық өзара қарым-қатынасқа бағытталған жаттығу сабақтары өтеді. Бөлек топта үш қақпашы жаттығады, олардың дайындығының басты компоненты дене-күш дайындығы мен техникалық дайындығы болып табылады», - дейді қақпашылардың бапкері Тимур Уразов.
Бейсенбі күні команда бірінші бақылау кездесуін өткізді. «Дордой-Динамо» жастар құрамымен өткен ойында қостанайлықтар 3-0 есебімен қарсыластарын талқандады. Бұл кездесуде Бейбіт Әбішев дубльмен көзге түсті және бір голды Сапар Тастеміров соқты.
Дублерлар Бішкектен жылулықты күткен, бірақ ауа-райы өзгермеді. Кәзір Қырғызстанда суық, жиі қар жауып тұр, сондықтан футболшылар жасанды көгалда жаттығуға мәжбүр.
«Тоболдың» көмекші құрамының жиыны 11-ші ақпанға дейін жалғасады.
«Тобол» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET