Роналдуды састырған британдық талант...

08.02.2012, 01:35
Роналдуды састырған британдық талант...

Расында, Джеремидің доппен өте оңай әрі қызықты жұмыс жасауы таң қаларлық жайт. Алайда, жасыл алаңдағы жанталаста мұндай ғажайыпты туғызу оның қолынан келеді ме?!

Футбол финттерімен әдемі. Бұрын Роналдиньюдің аяғына доп желімделіп қалғандай көрінетін. Қазір маржан тісті бразилиялықтың футболдағы ғұмыры аяқталып келеді. Сол себепті, қарай бергің келетін керемет трюктерді тек ескі бейнежазбаларды ақтарып, тауып алуға мәжбүрміз.  Бүгінде «Реалдың» намысын жыртып жүрген Криштиану Роналдуды бас айналдырар финттері үшін жақсы көретін жанкүйердің қатары қалың.   Иә, қарсыласты қапыда қалдырып, алаңда футбол биін  қалауынша билейтін  Криштианудан артық ешкім бұлай ойқастай алмайтындай көрінген. Сөйтсек, қателесеппіз. Футбол фристайлындағы үздіктердің бірі, британдық жас талант Джереми Личн  Роналдудың өзін састырды.

Рио Фердинандтың «Five» бағдарламасын жүргізген ол әлемдік футболдағы аты  алысқа кеткен  футболшылармен «жекпе жекке» шығып, бәріне де шаң қаптырды.  Алғашында «Арсенал» футбол академиясынан  тәлім алған Джереми жақсы футболшы болып кеткен жоқ. Бірақ, футбол фристайлында оған тең келетіндер көп емес. Ресейлік «Sports.ru»  сайтына берген сұхбатында Джереми Линч  футболмен шындап  айналыспауының себебін былай түсіндіріпті: «Әркімнің өз қалауы бар. Маған үлкен футболдың қажеті жоқ. Себебі, онда ұжым болып ойнауға міндеттісің. Ал, 11 фристайлшыны алаңға шығарып қойсаңыз, әдеттегі футбол клубы сияқты түсінісіп ойнай алмайсың. Мен өз таңдауымды жасадым. Менің доппен ғана жұмыс істегім келеді» деп жауап берген.

Расында, Джеремидің  доппен өте оңай  әрі қызықты  жұмыс жасауы таң қаларлық жайт. Алайда, жасыл алаңдағы жанталаста мұндай ғажайыпты туғызу оның қолынан келеді ме?! Әй, қайдам?! Әйтпесе, футболға шындап кірісуші еді ғой... Дегенмен, оның талантына шек келтіру күмән. Талант  - қашанда талантты! Ағылшын премьер лигасындағы мачтар кезінде он бес минуттық үзілісті пайдаланған ол түрлі трюктерімен жанкүйерлерді тамсандырып жүр. Тіпті, киноға да түсіп үлгерді.

Бүгінде Джеремидің трюктері ғаламторда ең көп көрілгендердің қатарында. Біз сіздерге оның  Криштиану Роналдумен болған «жекпе жегін» ұсынамыз. Мүмкін, сіз бұл бейнені көріп қойғаны шығарсыз. Дегенмен де, тағы бір көріп шығу артықтық етпейді...

http://alasharena.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×