Зинедин Зидан жазда Қазақстанға келуі мүмкін

26.04.2014, 02:02
Зинедин Зидан жазда Қазақстанға келуі мүмкін

BNews.kz Танымал Француз футболшысы Зинедин Зидан алматылық «Қайрат» футбол командасының 60 жылдығына келуі мүмкін. Аталған шараға Зиданмен бірге оның жерлесі, Франция құрамасы бойынша серіктесі Фабьен Бартез де шақырылмақ. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлап отыр.  «Қайраттың» 60 жылдығына арналған үлкен шара маусым айында өтеді деп жоспарланып отыр. Мерейтойдың нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Аталған шараға клуб басшылығы қазақстандық футбол ардагерлерін, шоу-бизнес өкілдерін және әлемдік жұлдыздарды шақырмақ. Қадірлі меймандардың қатарында Зинедин Зидан мен Фабьен Бартез де бар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×