Златан Ибрагимович А серисында жаңа рекорд орнатты

21.11.2021, 14:08
Швециялық шабуылшының қос голы командасын жеңілістен құтқармады.
Златан Ибрагимович А серисында жаңа рекорд орнатты

«Миланның» шабуылшысы Златан Ибрагимович Италия чемпионатының 13-турында «Фиорентинамен» болған ойында (3:4) дубль жасады. Осының арқасында ол жаңа жетістікке қол жеткізді.

Opta порталының мәліметі бойынша, швециялық шабуылшы А сериясының бір матчында дубль жасаған, сонымен қатар 21-ші ғасырда Еуропаның топ-лигаларында дубль жасаған ең егде жастағы ойыншы атанды (40 жас 48 күн).

Бұл кездесуде «Фиорентина» шабуылшысы Душан Влахович те дубль жасады.

Осылайша, «Милан» А сериясының осы маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, бұған дейін Стефано Пиоли шәкірттері 10 ойында жеңіске жетіп, екі рет тең түскен. «Милан» (32 ұпай) турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты. Ал «Фиорентина» (21) алтыншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×