“Астана” еуропалық құраманың ойыншысына көз тікті

29.03.2024, 19:07

Босния және Герцоговина құрамасының жартылай қорғаушысы Алмедин Зилькич мансабын “Астанада” жалғастыруы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

“Астана” еуропалық құраманың ойыншысына көз тікті

28 жастағы ойыншы соңғы рет босниялық “Сараево” клубынан кетті. Зилькич аталған ұжымда өзін жақсы қырынан көрсете алмағандықтан, аялдай алмағандығын айта кетейік. Жалпы еркін агент атанған Алмединге “Астана” клубы қызығушылық білдіруде.

“Сараеводан бөлек”, Зилькич өз мансабында “Олимпия”, “Борац”, “Тузла”, “Слобода”, «Горица», “Нови Пазар” және “Доньи Срем” клубтарында өнер көрсетті.

2020 жылдан бері Алмедин Босния құрамасында небәрі 3 ойын өткізді.

Трансфермаркет 28 жастағы ойыншыны 450 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 3
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×