Юрий Бушман “Қызыл-Жарға” қайта оралды

29.03.2024, 19:27

“Қызыл-Жар” ФК 33 жастағы жартылай қорғаушы Юрий Бушманмен қайта келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз.

Юрий Бушман “Қызыл-Жарға” қайта оралды

Украиндық футболшы “Қызыл-Жарға” алғаш рет 2021 жылы келіп қосылған болатын. Содан бері петропавлдық клубта ол 85 ойын өткізіп, 12 гол мен 17 голдық пас берді. 

33 жастағы ойыншы өз мансабында украиндық “Прикарпатье”, “Арсенал” Киев 2, “Нефтяник”, “Зирка”, “Славутич”, ПФК Суммы және литвалық “Кауно Жальгирис” ұжымдарында доп тепті. 

ҚПЛ Бушман жалпы алғанда 71 ойын өткізіп, 10 мен 16 голдық пасты өз атына жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

ҚПЛ футбол
Серіктес жаңалықтары
×