“Атырау” ойыншылары үздіктер қатарында

03.03.2024, 20:53

“Елімайға” қарсы тең дәрежелі ойын өткізген “Атырау” ойыншылары жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

“Атырау” ойыншылары үздіктер қатарында

Жартылай қорғаушы Сослан Такулов өз командасының шабуылын үдету мақсатында қарсылас айып алаңына допты 6 рет жеткізген. Бұл өткен турдың үздік көрсеткіші.

Командаға жаңадан келген Якуб Новак “Елімай” ойыншыларын дриблинг арқылы төрт рет сан соқтырып кеткен. Словениялық жартылай қорғаушы бұл көрсеткіш бойынша екінші сатыға жайғасты.

Әуедегі допқа таласта 11 рет жеңімпаз атанған Николай Сигневич бірінші турдың әуе королі екенін дәлелдеді. Бойы 194 см құрайтын шабуылшы сондай сәттерде өзінің басымдылығын толығымен пайдаланды. 

“Атырау” қақпашысы Егор Хаткевичтің құрғақ ойындар саны 12 жетті. 

“Елімайға” қарсы кездесуде “Атырау” сапынан 4 ойыншы дебюттық кездесу өткізді. Олар Николай Сигневич, Аслан Әділ, Ламин Жаржоу және Жоэль Каямба. 

Өткен тур мачтында қорғаушы Геворг Наджарян қарсыластан 19 рет допты тартып ала алды. Ол бұл көрсеткіш бойынша үздік үштіктің қатарына кірді. 

Еске салайық, Виталий Жуковский шәкірттері “Елімайға” қарсы алғашқы тур ойынында 0:0 есебімен тең тарқасып, 1 ұпайға қанағат еткен болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×