Щенсный мансабындағы 20 пенальтиін қайтарды

04.03.2024, 12:27

Войцех Щенсный Италия А Сериясының кезекті кездесуінде Виктор Осимхеннің орындауындағы 11-метрлік соққысын сәтті қайтарды.

Щенсный мансабындағы 20 пенальтиін қайтарды

Ойынның 85 минутында “Ювентус” хавбекі  Жозеф Нонж өз айып алаңында нигериялық шабуылшы Виктор Осимхеннің аяғын басып, ереже бұзады. VAR-ды қайталап көрген бас төреші Маурицио Мариани “қарт кемпірлер” қақпасына пенальти белгіледі.

Нүктеге келген Виктор Осимхен допты қақпашыдан оң жақ бұрышқа дәлдеп жерлете тепкен болатын. Алайда поляк Войцех Щенсный нигериялықтың жасаған соққысын сәтті болжап, оны қайтарды. “Наполи” абыройына орай, кері қайтқан допқа бірінші жеткен Джакомо Распадори “Юве” қақпашысына тұруға мүмкіндік берместен, бірден ашық қақпаға снарядты бағыттай салды. Осылайша ойынның тең есебі 2:1 өзгеріп, алаң қожайындарының жеңімпаз атануына сеп болды.

Жалпы Щенсный өз мансабында 20 пенальтиді қайтарған. 66 жағдайда ол өз қақпасына допты кіргізіп алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×