“Барселона” Киммихті 2025 жылы тегін қатарына қосқысы келеді

26.03.2024, 21:12

Жартылай қорғаушы Йозуа Киммих 2025 жылы “Барселонаға” еркін агент ретінде қосылуы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

“Барселона” Киммихті 2025 жылы тегін қатарына қосқысы келеді

Жартылай қорғаушының “Бавариядағы” келісімшарты 2025 жылы аяқталуы тиіс. Мюнхендік клуб өз ойыншысын осы жазда 60 млн еуроға сатуға дайын. 

“Барселона” футболшының келісімінің аяқталғанын күтеді. Киммихтің тағдыры Еуро-2024 турнирінен кейін нақты белгілі болмақ. 

29 жастағы жартылай қорғаушы “Бавария” үшін осы маусымда 31 ойын өткізіп, 1 гол мен 8 голдық пас берді. 

“Блауграна” қаржылық қиындықтардан құтылып, “Камп Ноуға” оралса онда топ трансферлер легін жасаймыз деп сенім білдіріп отыр. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×